Ресейдің Ирикли су қоймасынан жіберілетін су мөлшері азайды
Ресейдің Орынбор облысының басшылығы Ирикли су қоймасынан жіберілетін су мөлшерін азайтты. Өйткені су бөгетінің жарылуынан Орск қаласының бірнеше ауданын су басып қалған. Соңғы ақпараттарды Ресейдегі меншікті тілшіміз Индира Бегайдардан білейік. Индира,
Индира Бегайдар, Тілші:
Орынбор облысында федералды деңгейдегі төтенше жағдай режимі енгізілді. Өйткені жеті мыңға жуық үйді су басып қалды. Сыйымдылығы 8087 орындық уақытша орналастыру пункті ашылды. Орскіде барлық мектептер қашықтан оқу режиміне көшірілді. Су тасқынының салдарынан Орынборда 9 мыңға жуық үй жарықсыз қалды. Ал қала басшысы алдағы уақытта жағдай ушыға түсетінін мәлімдеді.
Сергей Салмин, Орынбор Қаласының Басшысы:
Су тасқынымен күрес жүргізілуде. Бірақ жағдай күрделі. Алдағы күндері су деңгейі көтеріледі. Жайық пен Сақмара аймағында орналасқан аудандарда жақын арада электр қуатын өшіру жалғасады.
Ал су бөгетінің жарылуына байланысты тергеу комитеті «қауіпсіздік ережелерін бұзу» және «салғырттық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Егер қылмыс дәлелденсе, аталған нысанды сақтандырған компания зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлейді. Орынбордан бөлек, Ресейдің 40-қа жуық өңірі көктемгі су тасқынынан зардап шегуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде 46 экологиялық аумақ құрылады
26.04.2026, 23:32
Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.04.2026, 23:30
Экологиялық саммитте 2 млрд долларға қандай келісімдер жасалды?
26.04.2026, 23:28
«Бизнес», «элит», «комфорт» класс атаулары заңда жоқ. Сонда қалай?
26.04.2026, 23:27
Арал теңізін толық қалпына келтіру мүмкін бе?
26.04.2026, 23:15
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05