Су тасқынына байланысты 80 мектеп онлайн оқуға көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқынына байланысты 80 мектеп онлайн оқуға көшті

07.04.2024

Су басқан өңірлердегі 80 мектеп онлайн оқуға көшті. 55 білім ошағы қазір эвакуациялық пункт ретінде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мәлімдеді. Оның сөзінше, су тасқынынан зардап шеккен елдімекен оқушылары онлайн оқуға қажетті техникамен қамтылған. Ал интернет сапасы нашар ауыл мектептерін «Starlink» жүйесіне қосу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Сонымен бірге, балалар мен зардап шеккен тұрғындарға 300-ден астам мектеп маманы психологиялық көмек беріп жатыр. Бұған әр өңірдің Бала құқықтары жөніндегі уәкілдері де жұмылдырылған.

Мереке Амангелдіқызы, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

6 сәуірден бастап 11 балаларды сауықтыру орталықтарына зардап шеккен өңірлерден балаларды қабылдау басталды. Мұнда оқу процесі қатар ұйымдастырылады. +07:00 Бүгінгі таңда 20 мыңнан астам білім саласының қызметкерлері волонтерлер қатарында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуда, оның ішінде 10 мыңнан астамы эвакуациялық пункттерде жұмыс жасауда 


Хабарламаларға жазылу