Ерлан Қарин: 20 мыңнан аса волонтёр тасқын салдарымен күресіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин: 20 мыңнан аса волонтёр тасқын салдарымен күресіп жатыр

07.04.2024

20 мыңнан астам волонтёр еліміздегі су тасқыны салдарымен күресуге атсалысып жатыр. Олардың басым көпшілігі Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай, Ақмола облыстарындағы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне барынша жәрдемдесіп жүр. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ірі волонтерлік бірлестіктер өкілдерімен өткен кездесуден кейін Телеграм-арнасында мәлімдеді.

Еліміздегі волонтерлік ұйымдардың жұмысын үйлестіру – маңызды міндеттің бірі. Мұны «Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты өз мойнына алды. Қазақстан халқының Ассамблеясы тарапынан да айтарлықтай көмек көрсетіліп отыр. Барлық аймақтардағы Достық үйінде еріктілер орталығы және гуманитарлық көмекті қабылдау орындары ұйымдастырылды. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері зардап шеккен адамдарды азық-түлікпен, ыстық тамақпен, киім-кешекпен, қажетті заттармен және техникамен қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі таңда Ассамблея тарапынан берілген қайырымдылық және гуманитарлық көмектің көлемі 110 миллион теңгеден асты, - деді Ерлан Қарин.


Хабарламаларға жазылу