Тозған дамбылар топан судан қорғай алмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тозған дамбылар топан судан қорғай алмайды

07.04.2024

Еліміздегі елді мекендерді топан судан қорғайтын дамбылар тозған. Тіпті 30 жылдан бері шөгіп жер болып қалғандары бар. Соның салдарынан осыған дейін тасқын көрмеген ауылдар қызыл судың астында қалып отыр. Енді су шаруашылығында тәжірибелі мамандар жедел түрде бөгеттер салу қажет- деп дабыл қағуда. Олай істемесек жылда шығын шаш етектен болмақ. Абай облысы, Көкпекті ауданның әкімі-Ділдәбек Тәжібаев 15 жылдан астам су шаруашылығы саласында еңбек еткен білікті кадр.

Өзі басқаратын аудандағы үш ауылды осы жолы су басты. Уақытында атқарылған шаралардың арқасында тасқынның беті қайтқан. Бірақ, жыл сайын халықты әбігерге салып, миллиардтаған шығынға батпас үшін еліміз бойынша тиісті қаржы бөліп, бөгеттер тұрғызатын кез жетті деп отыр.

Ділдәбек Тәжібаев, Көкпекті Ауданының Әкімі:

Ары кетсе 2-3 километр дамбы салсақ, оған 100 -150 миллион ақаша кетеді. Көп кетпейді. Көкжайық ауылында 270 үй тұрады. Егер кеше сол 270 үй судың астында қалғанда мен есептеп отырмын шамалап, 1 миллиардқа жуық ақша кетіп қалар еді. Дамбылар болған. Сол дамбылардың барлығы бұрын екі метр болғандары, қазір жарты-ақ метр болып тұр.


Хабарламаларға жазылу