Мемлекеттік резервтен 15 мыңнан астам адамға қажетті заттар шығарылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес төтенше жағдай жарияланған 6 облысқа мемлекеттік материалдық резервтен 51 бірлік арнайы техника бөлінді. Оның ішінде экскаваторлар мен вахталық автомобильдер және балшық сорғыш құрылғылар бар. Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары Руслан Ормағамбетовтың айтуынша, 15 мың 400 адамға арналған шатырлар мен төсек-орын жабдықтары шығарылды. Жалпы, құны 1 миллиард 474 миллион теңге. Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдайдың алдын алу үшін өңір әкімдігі мен мемлекеттік резервтен қажетті тауарларды шығару мәселесі қаралып жатыр, деді
Руслан Ормағамбетов - Мемлекеттік Материалдық Резервтер Комитеті Төрағасының Орынбасары:
Мемлекеттік материалдық резервтен берілетін техника мен тауарлары осы төтенше жағдайды жою үшін жаңа және заманауи тауарлармен жабдықталған. Тауарлар республикалық-мемлекеттік резерв қоймаларында еліміздің 10 өңірінде орналастырылған. Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің қызметкерлері тәулік бойы жұмыс атқаруда. Әкімдіктердің өтінімдерін қарастырып және сұратылған тауарлар жіберілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде 46 экологиялық аумақ құрылады
26.04.2026, 23:32
Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.04.2026, 23:30
Экологиялық саммитте 2 млрд долларға қандай келісімдер жасалды?
26.04.2026, 23:28
«Бизнес», «элит», «комфорт» класс атаулары заңда жоқ. Сонда қалай?
26.04.2026, 23:27
Арал теңізін толық қалпына келтіру мүмкін бе?
26.04.2026, 23:15
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05