Оралда жағадағы нысандар су астында қалды
Оралда Жайық өзені жайылып, еңісте орналасқан үйлер мен кәсіпкерлік нысандарға қауіп төндіре бастады. Өзен іргесін бекіту жұмысы жалғасып жатыр.
Ардақ Мұратқызы, Тілші:
Біз қазір Жайық жағасында Стэлла аумағында тұрмыз. Өзен жайылмасына су шығып, мінекей, мына дәмхана, мейрамхана секілді кәсіпкерлік нысандары су астында қалды. Соңғы сағаттағы гидробюллетень бойынша, Жайықтың дәл қазіргі деңгейі - 695 см-ге жеткен. Ресейдің Ор қаласында екі бөгет жарылып, Орынбор облысын су басқандықтан, қазір біздің жаққа судың келуі баяулады. Дегенмен, мол су бір аптадан кейін облыс аумағы Бәйтерек ауданына келеді деп болжанып отыр. Айта кетейік, Орынбор мен Оралдың арақашықтығы - 300 шақырым. Мамандардың айтуынша, өзендегі ағыс құбылмалы. Жоғарыдағы Ирикла су қоймасынан секундына 2 мыңдай текше метр су келіп жатыр. Бұл бұрынғы көлемнен 145 есе көп. Тарихи деректерге сәйкес, Жайық деңгейі 1942 жылы 9 метрден асып, қаланың көп бөлігін су басқан. Биыл да сондай жағдай қайталануы мүмкін деген болжам бар. Дегенмен, жағдай бақылауда. Жалпы облыс бойынша 600 жуық үй су астында қалды, олардың жартысы - тұруға жарамсыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14