Сергеев қоймасындағы су деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сергеев қоймасындағы су деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті

07.04.2024

Солтүстік Қазақстандағы "Сергеев" қоймасындағы су- арнасынан 3 метр 65 сантиметрге асты. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Өңірдегі шағын өзен-көлдерде де су деңгейі біртіндеп көтеріліп жатыр. Басым бөлігінде мұз көшкіні тіркелді. Есіл өзеніне жақын орналасқан 30 елді-мекенді су басуы мүмкін. Петропавл қаласының да бірнеше ауданына қауіп төніп тұр.

Серік Мұхамадиев, Петропавл Қаласының Әкімі

Кожевенный, Заречный осы Мичурина судың астында қалады, үйлер. 177 адам дачный ссобществода тұрады. Оларды эвакуация істейміз. Жұмыс қазір жүргізіліп жатыр. Ары қарай бәрін су көрсетеді .

29 наурыздан бері облыста 37 үйді су басты. 100-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өңірге жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр су басуы мүмкін елді мекендерді аралады. Сонымен қатар гидрологиялық нысандардың жағдайымен танысты.

Роман Скляр, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

Барлық құрылыс және жол салумен айналысатын компаниялар негізгі жұмысын тоқтатып, су тасқынымен күреске жұмылдырылады. Жағдай күрделі. Дегенмен, бәрін бақылауда ұстап отрмыз. Облыстық штаб жұмыс істеп тұр. 


Хабарламаларға жазылу