Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қатысты ахуал әлі де күрделі
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қатысты ахуал әлі де күрделі. Тұрақты мониторинг жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы өңір басшысының орынбасары Қанат Дүзелбаев арнайы брифингте мәлімдеді. Оның сөзінше, Сергей су қоймасы 63 пайызға толған. Салдарынан 3 аудан мен Петропавл қаласына қауіп төнді. 845 жеке үйді су шаю қаупі бар. Жалпы алғанда өңір бойынша 25 үй су астында қалды. 100 адам эвакуацияланған. Оның 36-і үйіне қайтарылды. Ауыр техника су басу қаупі бар аудандарға жеткізілді. Тасқынмен күреске облыс бойынша 540 адам мен 233 техника жұмылдырылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14