Ақтөбе облысында адамдар жылжымалы көпірмен тасымалданып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында адамдар жылжымалы көпірмен тасымалданып жатыр

07.04.2024

Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы елдімекендердің тұрғындары облыс орталығына понтон көпірмен жеткізіліп жатыр. Азық-түлік пен керек-жарақ та осы жылжымалы көпірмен тасымалданады. Бұған дейін әскери оқу-жаттығуларда ғана пайдаланып келген понтон көпір Қапшағайдағы әскери бөлімнен жеткізілген. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрлігі тасқын салдарымен күресуге қосымша әскери құрамаларды бөлді. Олар өзендердің арнасын кеңейту, су ағатын кәріздерді тазалау жұмыстарын да қолғабыс етіп жүр. Сондай-ақ тасқыннан зардап шеккен халықты эвакуациялауға атсалысып жатыр.


Хабарламаларға жазылу