Басты Жаңалықтар Су тасқыны болған өңірлерде ауыз су сапасына тұрақты мониторинг жүргізілуде

Су тасқыны болған өңірлерде ауыз су сапасына тұрақты мониторинг жүргізілуде

Су тасқыны болған өңірлерде ауыз су сапасына тұрақты мониторинг жүргізілуде. Санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге 4 мыңнан астам су сынамасы алынған. Тиісті зерттеу жүргізілген. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, талдаудың нәтжесі бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін 133 сынама анықталды. Эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар шеңберінде комитеттің аумақтық бөлімшелері барлық сумен жабдықтау нысандарына күшейтілген бақылау жүргізіп жатыр. Өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық салауатты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.


Бөлісу