Атырау облысында түні бойы жаға бекіту жұмыстары жүргізілді
Атырау облысы Жылыой ауданында түні бойы жаға бекіту жұмыстары жүргізілді. Тасқын судан қауіп сейілер емес. Құлсарыдан 28 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Аймақтағы әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт тікелей байланыста ахуалды баяндауға әзір. Нұрсұлтан, қазір жағдай қалай?
Нұрсұлтан Нұрсейіт, Тілші:
Полиция мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үй-үйлерді аралап құтқару жұмыстарын жалғастыруда. 28 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге эвакуацияланған, оның 7 мыңға жуығы бала. Құлсары қаласында 14 уақытша орналастыру пункті ашылды, онда дәрігерлер, психологтар барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.
Нұрсұлтан, Адам күші жеткілікті ме? Тасқынға қарсы қанша техника, қанша қызметкер жұмыс істеп жатыр?
Нұрсұлтан Нұрсейіт,Тілші:
1135 қызметкер, 4640 ерікті мен 204 техника тәулік бойы бөгеттерді нығайтып жанталасуда. Соңғы ақпаратқа сәйкес Құлсары қаласында 2810 тұрғын үй мен инфрақұрылымдарды су басты.Алдағы шығарылымдарда ақпаратты толықтыратын боламын.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09