Маңғыстау облысында 201 уақытша қабылдау пункті жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында 201 уақытша қабылдау пункті жұмыс істеп тұр

06.04.2024

Маңғыстауда тасқын судан зардап шеккендерді уақытша қабылдайтын 201 пункт ашылды. Соңғы мәліметтер бойынша оларға 16 мыңға жуық адам орналастырылған. Эвакуацияланғандарға жергілікті тұрғындар, еріктілер жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр.

Көрші облыстан келгендердің көпшілігі Бейнеу ауданы Боранқұл ауында. Елді-мекендегі мектеп, спорт зал, мешіт, мәдениет үйі мен жекеменшік ғимараттарда барлығы 7 мыңнан астам адам бар. Бейнеу ауылына да осынша адам орналастырылды. Есет, Сарға елді-мекендеріндегі уақытша қабылдау орындарында 500 ге жуық адам бар. Тағы 1 мыңдайы Ақтау қаласына жіберілген.

Гүлхан Бажикова Атырау қаласының тұрғыны

Түнде деген пойызға бардық, Пойыз деген уже толып кетті, кетіп қалды. Сосын машина келді вокзалға. Бейнеуге дейін апарып тастады бізді. Енді келдік мында, жаттық. Бәрі тегін тамақ бәрін беріп жатыр. Үлкен рахмет.

Бейнеулің еріктілер эвакуацияланғандарға жан-жақты көмектессіп жатыр. Олар көрпе-төсектер мен қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп, қолдау көрсетуде. Бүгін қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесі мен аудан басшылығы уақытша қабылдау пункттеріндегі адамдардың хал-жағдайларын сұрады. Аудан әкімі Рахымжан Шалбаев Жылойлықтарға жағдай жасап, көмек көрсететіндерін жеткізді.

Рахымжан Шалбаев Бейнеу ауданының әкімі

Осы келген азаматтардың барлығын мектептерде, спорт залдарда, АКТвый залдарда жатақ орындар ұйымдастырып, бөлісіп ұйымдастырдық. Балалармен отарғандарға бөлек бөлме ұйымдастырып, және бір науқас үлкен кісілерге бөлек жатақханадар орын бердік. Біздің азаматтардың жомарттығы өте жоғары. Бүгінгі таңда мен қонақасы беремін, мен қонақасы беремін, біздің үйімізге жүр, біздің үйге жүр деген халықтың саны асып жетіледі. Сіздерге мың алғыс.

Ақтауда бірқатар оқу орны студенттік жатақханалардағы бос орындарға Атырау облысынан көшірілген халықты қабылдауға дайын екендерін хабарлады. Онда төсек орын, жуынатын бөлмелермен жабдықталған 600 орын әзір. Жалпы аймақта 201 уақытша қабылдау пункті бар. А О. Д Н. ҚҰА Маңғыстау облысы.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу