Атырау қаласына арнайы іссапармен барған Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев, Ақтөбе облысымен шекара аумағын тікұшақпен айналып, көріп шықты. Жем өзеніндегі бүлінген бөгеттің жағдайын толығымен бақылауға алды. Кеше оның бұзылуы нәтижесінде, Құлсары қаласының екінші және үшінші учаскелері, «Қарағай» елді мекені және бірнеше шағын аудан су астында қалды. Қанат Борзымбаев Атырау облысының үш ауданында күрделі су тасқыны жағдайы сақталып, 2 елді мекенге көлікпен қатынау әлі мүмкін болмай отырғаны жеткізді.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары:
Ақтөбе облысына 150 км ұштық. Ұзындығы 150 км, кеңдігі кейбір жерлер 10 км, 20 км. Қазір ол өзен емес теңіз сияқты болып жатыр. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін, бізге 3-4 күн керек болып отыр. Атырау қаласында қауіп болуы мүмкін. Тиісті компаниялар бар, ТШО бар бұл жақта, ҚазТрансОйыл бар, КТМ бар. Әрқайсысына елдімекендерді бөліп-бөліп береміз. Тиісті дамбаларды бөгеттерді салады. Жергілікті билік оны қадағалап отырады.