Премьер-Министр Қостанайдағы ахуалды барып көрді
Қостанай және Тобыл қалаларына іргелес елді-мекендерді су басуы мүмкін. Өңірдегі ахуалды Премьер-Министр барып көрді. Олжас Бектенов Тобыл өзенін тікұшақпен аралап, жағдаймен танысты. Су қоймаларының толу деңгейі максималды межеге жақындап қалған. Үкімет басшысы ең басты міндет тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін жеткізді. Жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілуде. Елді-мекендерде арнайы бөгеттер салынып, еріген суларды басқа жаққа бұру үшін арықтар дайындалуда.
Тоқсан Жоламанов, Волонтер:
Осы өмірімде, 52 демін. Бірінші рет көрдім Тобыл мынандай болып жатқанын. Бүгін волонтер болып, таңертеннен бері жұмыс істеп жатырмыз.
Болжам бойынша, еріген қар суы салдарынан су деңгейі тағы да ұлғаяды деп күтілуде. Алдын-алу мақсатында Қарасу және Тобыл өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізілді.
Марат Жүндібаев, Қостанай қаласының әкімі:
Бүгін 6 сәуір күні Қостанай қаласының әкімдігі «төтенше жағдай» жариялады. 3 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Уақытша орналастыру пункттеріне 632 адам қоныстанды. Қарасу және Тобыл өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде 46 экологиялық аумақ құрылады
26.04.2026, 23:32
Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.04.2026, 23:30
Экологиялық саммитте 2 млрд долларға қандай келісімдер жасалды?
26.04.2026, 23:28
«Бизнес», «элит», «комфорт» класс атаулары заңда жоқ. Сонда қалай?
26.04.2026, 23:27
Арал теңізін толық қалпына келтіру мүмкін бе?
26.04.2026, 23:15
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05