Осы апаттан сабақ алып, алдағы уақытта қорытында шығару керек - Мәулен Әшімбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы апаттан сабақ алып, алдағы уақытта қорытында шығару керек - Мәулен Әшімбаев

06.04.2024

«Бүгінгі апаттан сабақ алып, алдағы уақытта қорытында шығару керек.» Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев фейсбук парақшасында осылай деп, елдегі ахуалға байланысты жазбасын жариялады. Сенат Спикері мемлекет басшысының тапсырмасымен Республикалық штаб құрылғанын және үкімет мүшелері апатты аймақта жүргенін айтты. Сондай-ақ, депутаттардың өңірлерге барып, өңірлік жедел штабтардың жұмысына үлес қосып жатқанын атап өтті. Мәулен Әшімбаев жағдай оңалғанша тұрғындармен бірге болатынын жеткізді.

Мәулен Әшімбаев, Қр Парламенті Сенатының Төрағасы:

Мемлекет басшысы зардап шеккен азаматтардың шығындары толық өтелетінін айтты. Бірде-бір адам ескерусіз қалмайды. Осыған орай мемлекеттік материалдық резервті пайдалану тапсырылды. Осындай күрделі кезеңде жалған ақпаратқа бой алдырмай, ресми көздер таратқан мәліметтерге ғана жүгіну де аса маңызды. Сондай-ақ мұндай жағдайда қоғамның жұдырықтай жұмылып, бірлесіп әрекет еткені абзал.


Хабарламаларға жазылу