Ресейде бөгет жарылып , төрт адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде бөгет жарылып , төрт адам қайтыс болды

06.04.2024

Ресейдің Орынбор облысындағы Орск қаласында су бөгеті жарылып, төрт адам қайтыс болды. Өңірде төтенше жағдай режимі енгізілді. Мектептерде уақытша орталықтар ашылып, тұрғындар сонда көшіріліп жатыр. 4 мың үйге қауіп төнді. Онда 11 мыңдай адам тұрады. Биыл көктемде Жайық өзеніндегі су деңгейі күрт көтеріліп, бөгет шыдас бермеген. Қазір апат салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орск қаласы Қазақстан шекарасына жақын орналасқан.

Александр Ситников, Ресей Тжм Орынбор Облысы Бойынша Баспасөз Қызметінің Басшысы

«Қазір тұрғындар эвакуациялануда. Су бөгеті қалада орналасқан. 5 алдыңғы жүк тиегіш және 33 ауыр жүк тартылды .Мамандар қолдан келгеннің бәрін жасайды.» 

Жалпы көктемгі су тасқынынан Ресейдің 36 өңірі зардап шекті. Әсіресе, Қазақстанмен шекаралас Алтай, Самара облыстарында үйлерді су басты. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов Ресейдегі әріптесі, Төтенше жағдайлар министрі Александр КуренкОвпен тікелей байланыста. Екі ведомствоның басшылары, су тасқыны жағдайы мен әрекет ету шаралары туралы өзекті ақпаратпен шұғыл түрде алмасуда.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу