Маңғыстауда эвакуацияланғандарға жағдай жасалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда эвакуацияланғандарға жағдай жасалып жатыр

06.04.2024

Маңғыстау облысына Құлсары қаласының тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, аймаққа 14 мың 900 адам келген.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Құлсарылықтардың басым көпшілігі Бейнеу ауданына орналастырылды. 7 мыңдай адам Боранқұл елді-мекенінде. Қалғандары Бейнеу, Есет, Сарға ауылдарында мектептерден ашылған уақытша қабылдау орындарында. Қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесі мен аудан басшылығы эвакуацияланған адамдардың орналасқан жерлеріне барып, хал-жағдайларын сұрады. Аудан әкімі Рахымжан Шалбаев Жылойлықтарға жағдай жасап, көмек көрсететіндерін жеткізді.

Рахымжан Шалбаев, Бейнеу Ауданының Әкімі:

Осы келген азаматтардың барлығын мектептерде, спорт залдарда, АКТвый залдарда жатақ орындар ұйымдастырып, бөлісіп ұйымдастырдық. Балалармен отарғандарға бөлек бөлме ұйымдастырып, және бір науқас үлкен кісілерге бөлек жатақханадар орын бердік. Біздің азаматтардың жомарттығы өте жоғары. Бүгінгі таңда мен қонақасы беремін, мен қонақасы беремін, біздің үйімізге жүр, біздің үйге жүр деген халықтың саны асып жетіледі. Сіздерге мың алғыс.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Ақтауда бірқатар оқу орындары студенттік жатақханалардағы бос орындарға Атырау облысынан көшірілген халықты қабылдауға дайын екендерін хабарлады. Онда төсек орын, жуынатын бөлмелермен жабдықталған 600 орын әзір. Жалпы аймақта 201 уақытша қабылдау пункті бар. Ақпараттық қолдау үшін өңірде жедел желі телефондары іске қосылған. Ақтаудағы жедел-желі операторларына осы уақытқа дейін ? адам қоңырау шалып, мәлімет алған. Армангүл!

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу