Ресейдің Орынбор облысында су бөгеті жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Орынбор облысында су бөгеті жарылды

06.04.2024

Ресейдің Орынбор облысындағы Орск қаласында/ су бөгеті жарылып, төтенше жағдай режимі енгізілді. Мектептерде/ уақытша орталықтар ашылып, тұрғындар сонда көшіріліп жатыр. 4 мың үйге қауіп төнді. Онда 11 мыңдай адам тұрады. Жайық өзеніндегі су деңгейі күрт көтеріліп, бөгет шыдас бермеген. Қазір, апат салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Орск қаласы Қазақстан шекарасына жақын орналасқан.

Александр Ситников, Ресей ТЖМ Орынбор облысы бойынша баспасөз қызметінің басшысы:

«Қазір тұрғындар эвакуациялануда. Су бөгеті қалада орналасқан. 5 алдыңғы жүк тиегіш және 33 ауыр жүк тартылды .Мамандар қолдан келгеннің бәрін жасайды.» 

«Орынбордағы су бөгеті жарылғанымен Ирикли су қоймасының жұмысына әсер еткен жоқ»,- дейді ресейлік мамандар. Жалпы көктемгі су тасқынынан Ресейдің 36 өңірі зардап шекті. Әсіресе, Қазақстанмен шекаралас Алтай, Самара облыстарында үйлерді су басты. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов, Ресейдегі әріптесі, Төтенше жағдайлар министрі Александр КуренкОвпен байланысып, ахуалға қатысты ақпарат алмасып отыр.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу