Маңғыстау облысына Құлсары қаласынан 9 мыңға жуық адам эвакуацияланды
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына Құлсары қаласынан 9 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Жалпы аймақта 200 ден аса уақытша орналастыру пункті ашылған. Облыс орталығынан Бейнеуге бір топ дәрігер аттанды. Қазіргі ахуалды осы өңірдегі тілшіміз Аягөз Оралбайқызынан білейік. Аягөз, 9 мың адамды орналастырып үлгерді ме ? тұрғындардың жағдайы қалай?
Аягөз Оралбайқызы, Тілші:
Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, Маңғыстауға Атырау облысы Құлсары қаласынан 9 мыңға жуық адам келді. Бір мыңдай ересек адам мен 500 ден астам бала уақытша орналастыру пунктінде. Мұндай қазір 18 орталық бар. Олар жылы орын мен ыстық тағаммен қамтылған. Ал, қалғандары туыстары мен таныстарының үйлеріне орналасты. Басым көпшілігі Боранқұл, Бейнеу ауылдарында. Ал Ақтауға 300 ден астам адам жіберілген. Жалпы маңғыстауда азаматтарды қабылдау үшін, барлығы 83 мың адамға есептелген 2 жүзден астам эвакуациялық пункт құрылды.
Құлсарыдан жеткізілген науқастар қайда орналастырылды. Олардың жағдайы қалай?
Аягөз Оралбайқызы, Тілші:
Бейнеу аудандық ауруханасына Құлсарыдан 35 науқас жеткізілген Дәрігерлер оларға қажетті ем-домды көрсетуде. Эвакуацияланған Атырау облысының тұрғындарына қажетті медициналық көмек көрсету үшін, Бейнеуге Ақтау қаласынан бір топ дәрігер жолға шықты. Аймақта ақпараттық қолдау көрсету үшін "жедел желі" телефондары іске қосылған.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Блогерлер өткізетін ұтыс ойындарын мемлекет бақылай ала ма?
27.10.2025, 20:32
Түркияда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
27.10.2025, 17:56
Әлем чемпионаты Таеквондодан ел қоржынына екінші қола жүлде түсті
27.10.2025, 17:00
Еуропарламент депутаттары Республика күнімен құттықтайды
27.10.2025, 16:56
Брюссельдегі «Manneken pis» мүсініне қазақтың шапаны кигізілді
27.10.2025, 16:55
Астанада ақын Қадыр Мырза Әлінің мұрасы насихатталды
27.10.2025, 16:54
Қонаев қаласында 550 дрон мемлекеттік рәміздерді бейнеледі
27.10.2025, 16:53
Шымкент қаласының тұрғындары Республика күнін тойлады
27.10.2025, 16:52