Атырау облысы Құлсарыда әзірге ахуал күрделі
Құлсарыда әзірге ахуал күрделі. Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев арнайы штаб өкілдерімен Құлсары қаласын әуеден бақылауда. Апат аймағынан кешелі бері 15 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, Тілші:
Жем өзенінен тасыған су елді-мекендерді басып жатыр. Соңғы дерек бойынша 2500- дей тұрғын-үйді, әкімдік ғимаратын, инфрақұрылымдық нысандар мен орталық стадион суда қалды. Күні-түні тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүруде. Халық көршілес Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына, Теңіз кен орнындағы вахталық қалашыққа және Атырау қаласына құтқару пунктіне көшірілді. Оның 4 мыңы бала. Тасқынға қарсы көмекке Құлсарыға облыс орталығынан 30 полицей мен Ұлттық ұланның 80 сарбазы келді. Сонымен қатар Маңғыстау облысының Бейнеу ауданынан келген әскерилер де бұл жұмыстарға қолғабыс етуде.
Әбдіманап Ергеш, Бейнеу ауданы 99116 арнайы мақсаттағы барлау-шабуылдау батальонының сержанты:
Арнайы мақсаттағы барлау полкінен 55 әскери қызметші осында Құлсарыға сі тасқынына көмектесуге келдік. Бер перерыва жұмыс істеп жатырмыз, үзіліс болған жоқ түнімен. Эвакуацияға қатыстық. Ең бастысы халқымызға көмектесуіміз керек қой.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, Тілші:
Сонымен қатар орталық ауруханадағы 70 науқас 14 жедел жәрдем және бірнеше автобуспен Бейнеу ауданына тасымалданды. Тұрғындар жергілікті билік органдарымен бірге бөгеттердің қоршауын күшейтіп, құм толы қап төсеп, өз үйлерін тасқынның келесі легінен сақтап қалу үшін жанталасуда.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Бөл, тапсыр, қайта өңде!» экологиялық жобасы жалғасуда
03.11.2025, 20:49
Белгілі тележурналист Азат Рыстанбек 46 жасында өмірден өтті
03.11.2025, 20:46
Енді алақанмен төлем жасауға болады
03.11.2025, 20:42
Алматы әуежайына $260 млн инвестиция салынды
03.11.2025, 20:38
Қазақстан және АҚШ: Жаңа серіктестік көкжиегі
03.11.2025, 20:35
«Талдықорған–Қалбатау–Өскемен» тасжолындағы жаңғырту толық аяқталуға жақын
03.11.2025, 20:34
Жезқазған қаласы экологиялық апат аймағына кіруі мүмкін
03.11.2025, 20:31
Wikipedia қолданушылары 8 пайызға азайды
03.11.2025, 20:14