Ерлан Қарин: Су тасқыны кезінде Қазақстан азаматтары мен мемлекеттік органдар күш біріктіре білді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин: Су тасқыны кезінде Қазақстан азаматтары мен мемлекеттік органдар күш біріктіре білді

05.04.2024

Су тасқыны кезінде Қазақстан азаматтары мен мемлекеттік органдар күш біріктіре білді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Телеграм парақшасына осылай деп жазды. «Мемлекет басшысы мен Үкімет деңгейінде ұдайы жедел жиындар өтіп жатыр. Президент шалғайда қатты зардап шеккен өңірге барып, жапа шеккендерге қолдау көрсетті. Бұл жағдай біздің азаматтарымыздың ынтымағы мен жауапкершілігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Осындай белсенділіктің арқасында, біз төтенше жағдайларға тиімді қарсы тұрып қана қоймай, ел дамуының жүйелі мәселелерін шеше аламыз. Бірлік пен ынтымақ құндылықтары - мәдениетіміз бен діліміздің өзегі болып саналады. Осы құндылықтарды ұстану арқылы біз кез келген қиындықты жеңіп, елді жаңғырту жолында бірлесе жұмыс істей аламыз.» - деп жазды.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу