Басты Жаңалықтар «Air Astana» Батыс өңіріне гуманитарлық көмекті тегін жеткізді

«Air Astana» Батыс өңіріне гуманитарлық көмекті тегін жеткізді

Алматыдан тиелген 3 тонна гуманитарлық көмекті Батыс өңіріне Air Astana компаниясы тегін жеткізді.

Алғашқы рейс бүгін Оралға қонды. Әрі қарай қажетті заттар тасқыннан зардап шеккен елдімекендерге таратылады. Air Astana және FlyArystan бас-аяғы 10 тонна гуманитарлық жүкті жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, FlyArystan әуекомпаниясы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін еріктілерге тегін билет берді.


Әйгерім Ердәулет

Бөлісу