Су басқан өңірлерде Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су басқан өңірлерде Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

05.04.2024

Су басқан өңірлерде Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күн-түн демей жұмыс істеуде. Арнайы жасақ өкілдері Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына жөнелтілген.

Сондай-ақ,  65 бірлік авиа және басқа да техника жұмылдырылған. Ұландықтардың көмегімен мыңға жуық адам эвакуацияланды. 70 мыңнан аса топырақ, құм сынды инертті материал төселді. 7 мың келіге гуманитарлық көмек жеткізілді.

Нұрасыл Жүсіпов, Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшісі:

Қостанай облысына төтенше жағдай енгізілгеннен бері Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің жеке құрамы төтенше жағдай тапсырмаларын Жангелді ауданының Тәуіш елді мекенінде атқарып жатыр. Біз Ұлттық ұлан сарбаздары әрқашан халыққа қызмет етуге дайынбыз.

Хабарламаларға жазылу