Ақтөбе облысында тағы екі ауылдан 215 адам эвакуацияланды
Ақтөбе облысында тағы екі ауылдың тұрғындары эвакуацияланды. Еріген қар суының келуіне байланысты Мағажан бөгетінің бір шеті бұзылған. Қазір бізбен осы өңірдегі меншікті тілшіміз Жақсыбек Кемал тікелей байланысқа қосылды,
Жақсыбек, қанша адам көшірілді? Тұрғын үйлерге қауіп бар ма?
Жақсыбек Кемал, тілші:
Өткен түнде Алға ауданының Бесқоспа мен Қызылту ауылдарынан 215 адам эвакуацияланды. Өйткені, 16 миллион текше метр су жиналған Мағажан бөгетінің бір шеті бұзылып кеткен.
Жайылған су Бесқоспа ауылының шетіне жетті, бірақ, үйлер мен аулаларға кіре қоймаған. Бұл судың негізгі бөлігі Ақтөбе суқоймасына, одан әрі Елек өзеніне құйылып жатыр. Сондықтан түнде облыс орталығындағы саяжай тұрғындарына да ескерту жасалды. Бұл аумақта бірнеше үйге су кірген. Адамдар қауіпсіз жерге шығарылды. Айта кетейін, зардап шеккендердің ешқайсысы көмексіз қалмайды. Қазірдің өзінде үйлеріне залал келген тұрғындарға бір реттік төлем жасалып жатыр. Кешеден бері 35 адам 300 мың теңгеден алып үлгерді.
Мақпал Тұрмағамбетова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:
20 сандық банк есепшоты, оны да сәйкестендіру үшін. Осы жерде мемлекеттік қызмет болған соң арыздарын толтырып аламыз. Мемлекттік қызмет болған соң оның өзінің талаптары бар.8 күн ішінде төленуі керек. Бірақ қазіргі жағдайды ескере отырып, азаматтардың қаржыға мұқтаж екенін ескере отырып, біздер тездетуді қарастырдық.
750 ОТБАСЫ БІР РЕТТІК КӨМЕК АЛДЫ
Бір реттік көмекті тек Ақтөбе қаласы бойынша 750-ге жуық отбасы алады. Олар өздерінің жеке куәліктері мен аудан әкімдіктерінен анықтама әкелсе болғаны. Төлем бірден жасалады. Ал арнайы комиссия мүлікке, баспанаға келген шығынды бөлек есептейді.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04