Сенат төрағасы Ватикан мен Италияға жұмыс сапарымен барды
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ Парламент депутаты жұмыс сапарымен Ватикан мен Италия Республикасына барды. Сапар аясында делегация Рим Папасы Францискпен кездесті. Сондай-ақ Ватиканның Дінаралық диалог жөніндегі Дикастериясының және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Қазақстандық сенаторлар Италия Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарымен де кездесіп, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы:
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі қазіргідей өзекті сын-қатерлер жағдайында дін көшбасшыларының, саясаткерлердің және халықаралық ұйымдардың күш-жігерін ортақ мүддеге жұмылдыруды көздейді. Рухани көшбасшылар жергілікті жерде ғана емес, халықаралық деңгейде де зор ықпалға ие. Олар бірлесіп, климаттың өзгеруі, теңсіздік, экстремизм сияқты проблемаларды шешуге, қақтығыстар мен соғыстарды тоқтатуға айтарлықтай септігін тигізе алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҰҰ Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдайды
15.10.2026, 20:24
Ыстанбұлды сел басты
15.10.2026, 20:18
Рекордтық көрсеткіш: 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
15.10.2026, 20:17
«Ұмай» ипотекасы қайта басталады
15.10.2026, 20:16
«Отбасы банк»: 6 ай күтпей баспана алуға болады
15.10.2026, 20:14
Зерттеу нәтижесі: Қазақстан – өңірлік көшбасшы
15.10.2026, 20:13
Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
15.10.2026, 20:11
Мемлекет басшысы Әзербайжан президентімен кездесті
15.10.2026, 20:05