Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккен 67 адамнан өтемақы алуға өтініш түсті
Көкшетау қаласында су тасқынынан зардап шеккен 67 адамнан өтемақы алуға өтініш түсті. Оның 31-і бағалаушы мекемеге жіберілген. Қалғандары әлі қарастырылып жатыр. Келген шығынды арнайы мамандар 10 күннің ішінде анықтауы тиіс. Кейін оны арнайы жасақталған комиссия тексереді. Арыз қанағаттандырылса, өтемақы бір айда толық төленеді. Жалпы, қалада су тасқынынан 80-ге жуық баспана зардап шеккен. Қазір жергілікті билік өкілдері үй-үйді аралап, тұрғындарға өтінішті қалай және қашан беру керектігін түсіндіріп жүр.
Юмашев Фаниль, қала тұрғыны:
Заявление жазыңдар деген соң, заявление бердік. Олар енді справка береміз дейді. Сол справканы тосып отырмыз. Справкадан кейін сол енді қанша зардап шектіңіз соны есептеп төлеп береміз деді.
Даниярбек Нұрсейітов, Қала әкімінің орынбасары:
Қазіргі таңда келісімшартты қабылдадық. Келісімшартқа қол қойдық. Ол лицензиясы бар. Өзінің бағалауына жауап беретін бағалаушы болуға тиісті. Бірақ бұл жерде айта кететіні, егер де азаматтар өздерінің бағалаушыларымен, яғни, саналған счеттарымен келсе, біз оған мемлекет тарапынан саналған счеттың ақшасын біз төлеп береміз.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Роботтар адамдармен бірге марафонға қатысты
20.04.2026, 10:29
15 жастағы теннисші Қазақстанның атын Қытайда асқақтатты
20.04.2026, 10:27
Павлодар қаласында жаттықтырушыға ескерткіш орнатылды
20.04.2026, 10:23
Көпқабатты үйлердің жертөлелері жерасты суларына толған
20.04.2026, 10:17
«Таза Қазақстан» бастамасы грекияда қолдау тапты
20.04.2026, 10:14
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
20.04.2026, 10:12
Америкалық әскерилер ирандық кемені басып алды
20.04.2026, 10:08
Маңғыстауда нөсер жауыннан кейін 100-ден астам жылқы батпаққа батып өлген
20.04.2026, 10:07