Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға, өзге өңірлер гуманитарлық көмекті тоқтаусыз жөнелтіп жатыр. Жылу жинап жатқандардың қатарында түрлі ұйым өкілдері, кәсіпкерлер, депуттар да бар. Қарапайым тұрғындар да қал-қадерінше қол ұшын созуда. Ал мыңдаған волонтер күндіз-түні жұмыс атқарып жатыр. 100 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді.
Астаналықтар тасқыннан зардап шеккен ағайынды қолдау мақсатында мешіттерге жылу жинауда. Ал бүгін тұрғындар 70 тоннадан аса азық түлік пен тұрмысқа қажетті заттарды жүк көліктеріне тиіп, Ақтөбе мен БҚО-на жөнелтті.
Мұхаммед Болысбек, «Amanat» Партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы:
Өңірлердегі орын алған апаттық жағдай шыны керек бәрімізді есеңгіретіп қойғаны рас. Әрине осы сәтте, елдігіміз бен бірлігімізді көрсету өте маңызды. Күнікеше 20 тонна гуманитарлық көмек Қостанай облысы, Арқалыққа бүгін жетті.
Шымкентте республикалық волонтерлардың өңірдегі бекеті ашылып, 130-дан астам ерікті көмектесіп жатыр. Бүгін қаладан 10 тонна зат тиеген жүк көліктері тасқын болған аймаққа жолға шықты.
Қайыржан Бөгенбай, Жастар орталығының қызметкері:
Орталықтың машинасын алып, қызметтік көлігімен 20 қап пияз тердік. Кәдімгідей Ақтөбеге сейілгенше өзіміздің ниет, пейілімізді көрсеткіміз келді. Осының бәрін сұрыптап, ертең жолға шығамыз.
Ал Қарағандыда төтенше жағдайлар қызметкерлері арнайы тікұшақпен қатынап, азық-түлік тасып жатыр. Көмек аудан орталығына жете алмай отырған Қайрақты ауылына берілді. Шопа, Ақсу елдімекен тұрғындарына азық-түлік, ауыз су, киім-кешек жеткізілді.
Ал бүгін Ақтаудан азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар тиелген 6 жүк көлігі Ақтөбеге қарай бағыт алды.Маңғыстаулықтар бас-аяғы 10 тонна жылу жинады.
Серік Тұманшаев, Ақтау қаласының тұрғыны:
Мынандай апат болып жатқанын естіп, шама келсе жата алмай. Сау болсын мына халық көпшілік қанша дегенмен көпшілік қой көмектесіп жатыр бәрі жан жақтан. Ал балдарға айтатыным сәттілік тілеймін. Аман есен апарып, осы жұрттың аманатын апарып тапсыруға тілектеспін.
Тәуірбек Бозекен