Басты Жаңалықтар Солтүстік Қазақстандағы Тайынша ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Солтүстік Қазақстандағы Тайынша ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бүгін Красная поляна және Черниговка ауылдарынан 8 адам мен қырық шақты мал қауіпсіз жерге көшірілді. Төтенше жағдай қызметі мамандарының айтуынша, тұрғындардың дені үйлерін тастап кетуден бас тартып жатыр. Қарғын су 4 баспанаға кірген. Облыс бойынша 30 жол учаскесін су басып, он жолда көлік қозғалысы шектелді.

Мұрат Қанғожинов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Суды өткізу үшін облыстық маңызы бар «Келлеровка-Тайынша» бағытындағы жолдың жабынын алып тастауға тура келді. Тұрғындар Алексеевка ауылы арқылы қатынай алады. Барлық деңгейде жедел штабтар жұмыс істеп тұр.


Бөлісу