Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккен 67 адамнан өтемақы алуға өтініш түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккен 67 адамнан өтемақы алуға өтініш түсті

04.04.2024

Көкшетау қаласында су тасқынынан зардап шеккен 67 адамнан өтемақы алуға өтініш түсті. Оның 31-і бағалаушы мекемеге жіберілген. Қалғандары әлі қарастырылып жатыр. Келген шығынды арнайы мамандар 10 күннің ішінде анықтауы тиіс. Кейін оны арнайы жасақталған комиссия тексереді. Арыз қанағаттандырылса, өтемақы бір айда толық төленеді. Жалпы, шаһарда су тасқынынан 80-ге жуық баспана зардап шеккен. Қазір жергілікті билік өкілдері үй-үйді аралап, тұрғындарға өтінішті қалай және қашан беру керектігін түсіндіріп жүр.

Даниярбек Нұрсейітов, қала әкімінің орынбасары:

Қазіргі таңда келісімшартты қабылдадық. Келісімшартқа қол қойдық. Ол лицензиясы бар. Өзінің бағалауына жауап беретін бағалаушы болуға тиісті. Бірақ бұл жерде айта кететіні, егер де азаматтар өздерінің бағалаушыларымен, яғни, саналған счеттарымен келсе, біз оған мемлекет тарапынан саналған счеттың ақшасын біз төлеп береміз.

Хабарламаларға жазылу