Астанада «Қарттарға қуаныш» акциясы аясында қайырымдылық концерті өтті
Астанадағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 35 жылдығына орай «Қарттарға қуаныш» акциясы аясында қайырымдылық концерті өтті.
Шара «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы шеңберінде ұйымдастырылды. Қазір орталықта 900-ден астам адамға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Мекеме тек стационарлық емес, үй жағдайында да мұқтаж жандардың жағдайын жасайды. Оның ішінде қарттар үйінің тұрғындары, 1-ші және 2-ші топ мүгедектері, ауған соғысы ардагерлері, сондай-ақ жалғызбасты қариялар бар.
Ардақ Сейітова, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы МКҚК директоры:
Өзіміздің тарихымызға үңілсек, бұл жерде өзінің музейі, мұражайы бар. Ол мұражайда осы мекемеде тұрған кісілер, осы мекемеден қайтқан Ұлы отан соғысы ардагерлерінің медальдарі барлығы қалған. Туған –туыстары қалдырған. Және де біздің мекемеден осында 18 жасында келген, коляскаға түңілген жастар отбасын құрып қалаға кеткен кісілер бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04