Елордада қырғыз киносының күндері басталды
Астанада Қазақстандағы Қырғыз киносының күндері басталды. Ашылу салтанатына еліміздің Сыртқы істер министрлігінің, Қырғыз диаспорасының басшылығы, Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері қатысты. Осыған дейін көрші елдің бірқатар фильмі еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетілген еді. Тіпті, Қырғыз елінің ана туралы фильмінің бір бөлігі Түркістан қаласында түсірілді. Бұл екі ел арасындағы татуластық пен шығармашылық байланысты көрсетіп отыр.
Салтанатты шара Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың елімізге ресми сапары аясында ұйымдастырылды.
Күміс Сейітова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитетінің төрағасы:
Наурыз айында Қырғыз киносының күндері Алматы қаласында басталып кетті. Қырғыздың екі киносы көрсетілді. Бүгін сол Астанада жалғасын тапты, оны өздеріңіз көріп жатырсыздар. Жалпы осы сәуір айы бойы көптеген шара өтеді. Атап айтсақ, осы жақын арада елордамызда Манас ескерткіші ашылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда лимон өсірушілер қатары көбейген
27.12.2025, 17:15
Әлем жаңалықтарына шолу
26.12.2025, 20:58
Мектептерде 124 стоматологиялық кабинет ашылды
26.12.2025, 20:56
МӘМС жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.12.2025, 20:54
Әуе компанияларына бақылау күшеюі мүмкін
26.12.2025, 20:46
Тауда жоғалған 3 адамның бірінің денесі табылды
26.12.2025, 20:44
Мемлекет басшысы Премьер-министрді қабылдады
26.12.2025, 20:42
Алматыда ай сайын 2,5 мың тоннаға жуық қалдықты пайдаға жаратады
26.12.2025, 20:40