Спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді

04.04.2024

Жыл басталғады спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді. Қазір бұрынғы вице-министр, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, Спортты дамыту дирекциясының басшысы және басқа да лауазымды тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінгінің Төрағасы Асхат Жұмағалидің басшылығымен спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша ведомствоаралық мәжілісте айтылды.

Төраға Қазақстанның әлемдік спорттағы рейтингі төмендеп жатқанын жеткізді. Сала бюджетінің дұрыс жұмсалмайды, - деді. Сондай-ақ, спорттық процестерде цифрландырудың болмауы қаржының жымқырылуына қолайлы екенін айтты.

Жиында спортшыларды натурализациялау, кәсіби клубтардың бюджеттерін қалыптастыру және легионерлерге төлемдерді қаржыландыру мәселелері талқыланды.


Хабарламаларға жазылу