Қарағанды облысының Шет ауданында сарапатама жұмыстары басталды
Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Қайрақты елдімекенінде су кірген үйлерге сараптама жұмыстары басталды. Бүгінде Қайрақты ауылы күнделікті тіршілігіне оралды. 1 метрге дейін көтерілген су қазір тартылып келеді. Алайда бұл елдімекеннің аудан орталығына баратын негізгі жолды су шайған. Тұрғындар айналма жолмен жүре алмайды. Себебі, саз балшықтан жол таңдамайтын көліктердің өзі батып жатыр.
Қанағат Тәуіртаев, Қайрақты ауылының тұрғыны:
Басты мәселе біздегі айналма жолға жеңіл көлік жүретіндей етіп, жол салып берсе. Халықтың сұрауы сол. Үлкен джиптар мен нивалармен ғана жүре аласың. Бәрінің жағдай оған жете бермейді.
Халықтың талабына құлақ асқан аудан басшысы айналма дала жолына ұсақ тастар төсеп беретінін айтты. Барлық шығын толық өтелетінін жеткізді.
Мұхит Мұхтаров, Шет ауданының әкімі:
Ешқандай отбасы көмексіз қалмайды. Кейбір адамдардың малдарында құжат жоқ екен. Біз оны көрші маңайына растатып, акт жасаймыз. Тікелей бюджеттің қаржысымен өтей алмаймыз. Құжаты болмаған соң. Оны ел азаматтары, кәсіпкерлер, қорлар арқылы өтеуге жұмыс жасаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04