Саран тәжірибесі бойынша индустриялық аймақтар құру қажет
Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында моноқалалар әкімдіктеріне кәсіпкерлікті дамыту үшін, жағдай жасауды тапсырды. Үкімет басшысы ол үшін, Саран қаласын үлгі ретінде көрсетті. Бұл өңірде 2021 жылы Индустриалдық аймақ құрылғаннан кейін оң динамика байқалған. Қала бюджетіне түскен салықтық аударымдар 4,5 есеге артып, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған. Көлік құралдарын, автомобиль дөңгелектерін, полиэтилен құбырларын, тұрмыстық техника шығаратын бірқатар өндіріс орындары ашылды.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін, еліміздің бірнеше моноқаласында өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтарды құру көзделген. Қазір Ақтөбе, Қарағанды және Атырау облыстарының әкімдіктері тиісті жобаларды жүзеге асырып жатыр.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
Саран қаласының әжептәуір өзгерді. Даму көрсеткіштері айтарлықтай арта түсті. Жаңа өндірістердің құрылуы осы қалалардың дамуына тың терпін беріп, халықтың әләуқатына оң әсер етті. Мен жақында Саран қаласында болдым, өндірістерді аралап, жергілікті тұрғындармен кездестім. Көңіл күйлері жақсы. 20 жылдан астам уақыт жұмыссыз отырған адамдар жұмысқа кірісті. Бұл өзге моноқалаларға үлгі болуға лайық мысалдар.
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
