Ақтөбе облысында су басу қауіпі сейіліп келеді
Ақтөбе облысында эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне қайта бастады. Қазірге дейін комиссияға тасқыннан келген шығындарды өтеу бойынша 1200-ден астам өтініш түскен. Бұл сан әлі өзгереді. Өйткені, өткен түннің өзінде облыс орталығында ондаған аулаға су кірді.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Әрине, қауіп біртіндеп сейіліп келеді. Дегенмен, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Елек және Қарғалы өзендерінің деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертіп отыр.
Түнде Сазды өзені арнасынан асып, саяжай аумақтарында тұратын жұртты біраз әбігерге салды. Мамандар жағалауларды бекітіп, су жырып кетуі мүмкін аумақтарға құм төгіп жатыр. Қарғын су Алға ауданында екі жол учаскесін шайды. Аудан орталығы мен Қарабұлақ ауылы аралығындағы көпір бұзылып, қатынас тоқтады.
Әлішер Сарбаев, Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы:
Жол қатынасы үзілген 22 ауыл бар.Ол Қобда, Мұғалжар ауданында, Ойыл ауданындағы елді мекендер.Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттерінде 1900-ден астам адам әлі де бар. Ол уақытша орналастыру пункттері барлық қажетті заттармен, азық-түліктермен, дәрі-дәрмекпен, ең бірінші қажетті заттармен қамтылған.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Өңірде тасқынға қарсы қызмет күні-түні жұмыс істеуде. Қазірге дейін облыс бойынша эвакуацияланғандардың саны 8750 адамға жетті. 762 үй мен саяжайларда орналасқан 191 баспанаға су жайылған.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10