15 сәуірде отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған бұйрық күшіне енеді
Енді тендерге қатысатын отандық тауар өндірушілер алдын ала төлемнен босатылады. Яғни, бұған дейін олар келісім-шартта көрсетілген қаражаттың 3 пайызын төлеуге міндетті болған. Немесе төлем жүргізе алмаса, кепілдікке мүлкін қоятын. Енді мұндай кедергілер алынып тасталады. Елімізде отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған бұйрыққа өзгертулер енгізілді. Жаңа құжатта қандай мүмкіндіктер қарастырылғанын әріптесім Самал Қабышева рет-ретімен тарқатады.
30 пайыз авансты міндетті түрде төлеу. Енді тендерді жеңіп шыққан мердігерге тапсырыс беруші алдын ала төлемді жүргізуге міндетті. Яғни, қос тарап екі жақты келісімді жасағаннан кейін, 10 күннің ішінде мердігерге алдын ала төлем төленуі керек. Бұдан бөлек, мергідер керісінше тапсырыс берушіге келісім-шартта көрсетілген қаражаттың 3 пайыз кепілдігін төлейтін. Енді, кәсіпкерлер кепілдік төлеуден толықтай босатылады.
Мейрамбек Таңжарықов, ҚР қаржы министрлігінің басқарма басшысы:
Яғни, 100 млн теңгеге келісім-шарт жасаған жағдайда 3 млн теңге тапсырыс берушінің шотына шартты қамтамасыз ету. Бұл оның шарттық міндеттемелерінің уақытылы және тиісті түрде орындау кепілдігі болып табылатын. Ендігі уақытта Олар бұл кепілдіктен босатылып, бәлкім ол ақшаны өзінің өндірістеріне, өздерінің керек-қарақтарына жұмсайтын болады.
Мемлекеттік сатып алу порталында жалпы 25 мыңға жуық тапсырыс беруші тіркелген. Ал, байқауға қатысушылардың саны 120 мың. Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін оларға салынатын айыппұл мөлшері де төмендетіледі. Мәселен, келісім-шартта көрсетілген міндеттемелер дұрыс орындалмаса тапсырысты қабылдаушыға айыппұл салынатын. Енді, жаңа бұйрыққа сәйкес, ол айыппұлдың мөлшері 10 пайыздан 3 пайызға дейін төмендеді. Сондай-ақ квазимемлекеттік мекемелерге тендерге қатыспай, келісім-шарт жасау қарастырылған.
Мейрамбек Таңжарықов, ҚР қаржы министрлігінің басқарма басшысы:
Яғни, квазимемлекеттік сатып алуларында тендер, конкурс ешқандай рәсім өткізбей, бір көзден алу арқылы қажетті өндіріс және құрылыс министрлігі айқындаған өнім берушімен келісім шарт жасау мүмкіндігі көзделіп отыр. Бұл түзетулер 2024 жылдың 29 наурызында енгілізілді. 15 сәуірлен бастап кұшіне енеді.
Яғни, 15 сәуірден бастап отандық тауар өндірушілер жеңілдетілген талаппен жұмыс істейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
