Депутат: Шаруалардың несиесін 3 жылға шегеру керек
Су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған өңірлердегі шаруалардың барлық шаруашылық несиелерін 3 жылға шегеру керек. Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай осындай ұсыныс айтты.
Ақтөбе облысында болып, зардап шеккен тұрғындармен тілдескен депутат аймақтардағы жағдайдың ауыр екенін айтады. Оның сөзінше, өңірлерде тасқынның салдарымен күресуге техника жоқ. Техника былай тұрсын, құтқарушылар киетін су етік пен қайық тапшы.
Сондай-ақ, үйі қызыл судың астында қалған біршама азаматтың тиісті құжаттары жоқ екенін айтып, Премьер-министрге депутаттық сауал жолдады. Оған қоса, тасқынның алдын алу және оның салдарымен күреске арналған бірнеше ұсынысын жеткізді.
Мақсат Толықбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аmanat фракциясының мүшесі:
Бізге қазір жүйелі жұмыс керек. Біріншіден өзендердің жағасындағы су қорғау аймақтарын 4 шақырымға дейін ұзартуымыз керек. Одан кейін жер бөлетін кезде, үй салатын кезде қашықтықты сақтау керек. Екіншіден өзен-көлдердің олар тасығанда еркін ағуы керек. Олардың қасында арналар болуы керек. Қауіпті аймақтарға су қоймалары керек. Одан кейін сол өзен-көлдің маңында орналасқан ауылдардың балансында техника болуы керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04