Атырау облысында су тасқынының қаупі әлі сейілмей тұр
Атырау облысында су тасқынының қаупі әлі сейілмей тұр. Су деңгейі сағат сайын көтеріліп, Ойыл өзенінің бойында орналасқан ауылдық округтерге қауіп төнген. Қазір Қызылқоға ауданындағы ахуалды бізге әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт баяндайды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Біз қазір Қоныстану ауылындамыз. Мұнда су тасқыны бойынша ахуал әлі күрделі. Газ қондырғысын су шайып кетіп, 276 тұрғын-үй көгілдір отынсыз қалды. Өзен жағалауынан асқан су Қоныстану, Тайсойған, Қарабау ауылдарына жеткен. Тасқын су ауыл іргесіндегі 4 үйге кірген. Сол оқиғаны өз көзімен көрген тұрғынмен сұхбаттасқан болатынбыз. Тыңдап көрейік.
Нұрлан Өтепқалиев, ауыл тұрғыны:
Көз алдымызда кетіп қалды, балдар шапқылап жүрді. Өтеген деген кісі тракторымен 2 сағаттай жүрді. Бір уақытта болдық деп айқайлап жатыр. Уже кетіп қалды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Кеше облыс орталығынан бөгетті нығайту жұмыстары үшін 50 құтқарушы, 20 ерікті, 1,5 мың қап пен қажетті құрал-жабдық жеткізілді. Тайсойған және Қарабау ауылдарына да 60 құтқарушы барды. Бұл жұмыстар тәулік бойы жүргізіледі.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09