Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жауын-шашын түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жауын-шашын түседі

03.04.2024

Синоптиктердің болжамына сенсек, бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жауын-шашын түседі. Солтүстікте күн ала бұлтты. Петропавл, Қостанайда, Көкшетау мен Павлодарда ауа температурасы 6-11 градусқа дейін жылиды. «Қазгидромет»-тің мәліметінше, күннің күрт жылынуынан Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің су деңгейі көтеріліп жатыр. Соңғы 2-3 күнде өзен суы 3 метрге толыққан. Ал Павлодар облысында қарғын судың кесірінен республикалық автокөлік жолы жабылды. Салдарынан төрт елді мекенмен көлік қатынасы үзілген. Ал Ертіс, Железинка аудандарында қар әлі еріп жатыр. Күн күрт жылыса тасқын күшейеді деген қауіп бар.

Ал Қостанай облысында тасқын басталғалы 213 үйді су басып, 1300-ге жуық адам эвакуацияланған. Соңғы мәліметтерге сенсек, ондаған елді-мекенмен қатынас үзілді. Қазір бұл тұрғындармен тек авиацияның

Ресейдің Алтай өлкесінде де су тасқынымен күрес жалғасып жатыр. Осыған ұқсас жағдай Орынбор қаласында да қалыптасқан. Оның Берди шағын ауданында оннан астам адам эвакуацияланды. Екі өңірдегі апатқа қардың кенеттен еруі себепші. Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, Алтайдағы 40 ауылдағы 500-дей үй топан судың ортасында қалған. Сондықтан, мұнда тұрғындар үшін уақытша орналастыру орталықтары ашылып жатыр.

Гүлмира Мамажанова, жергілікті тұрғын:

Әрине, үйімізге қайтқымыз келеді. Егер барлық жерді су алып жатса, қайта оралуымыз керек. Және де жер қашан құрғайды деп уайымдап отырмыз.
Қарағанды мен Жезқазғанда күн бұлтты. Күндіз сынап бағанасы 8-12 градус жылыны көрсетеді.

Еліміздің шығысында қар жаууы ықтимал. Ауа температурасы Семей мен Өскеменде күндіз +6-қа дейін жылиды.

Ал батыстың басым бөлігінде күн бұлтты. Бұл аймақтарда күндіз ауа температурасы нөлден 14-19 градус жоғары болады. Оралда күннің күрт жылынуынан Шаған мен Деркөл өзендері арнасынан асып, саяжайларға су жайылған. Сол маңдағы елдімекендерге қауіп төніп, мыңға жуық тұрғын түнімен эвакуацияланды. Бұдан бөлек, қарғын сумен толып қалған Теректі ауданындағы су қоймасы жарылу қаупі бар. Бөгет бұзылған жағдайда 5 елді мекенге қауіп төніп тұр. Сол себепті кешеден бері Ұзынкөл ауылынан 705 адам эвакуацияланды. Олардың 230-ы - бала.

Үндістанда алапат циклоннан кемінде бес адам қаза тапты. Видео: Тағы 500-ге жуық тұрғын жараланып, ауруханаға жөнелтілген. Сұрапыл желден Батыс Бенгалия штатының Джалпайгури округінде талай үй зақымданды. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, зардап шеккендердің екеуі хал үстінде жатыр.
Екпінді дауыл аймақтағы өзге екі ауданға да соққы берді. Алайда, олардан құрбандар туралы әзірге мәлімет түскен жоқ.

Гватемалада орман өрті қаулап барады. Тілсіз жау Лос-Аматес муниципиалитетінде айтарлықтай аумақты жалмаға. Дегенмен, зардап шеккен адамдар туралы мәлімет түскен жоқ.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, елдегі 22 департаменттің 12-і алапат от әлі қаулап жатыр. Ғалымдардың ойынша, әлем елдерінде мұндай оқиғалардың жиілеп кетуіне климаттың өзгеруінен туындаған қуаңшылық та себеп болады.

Оңтүстіктің басым бөлігінде күн құбылмалы. Термометр бағаны Талдықорған, Қонаев, Түркістан, Қызылорда және Тараз қалаларында күндіз 12-17 градус жылы.

Шымкент пен Алматыда найзағай ойнап, жауын-шашын болады. Күндіз 17-13 градус , түнде 5-6 градус жылыны көрсетеді.
3 кам: Елордамызда көшпелі бұлт шығады. күндіз 10 градус жылы, түнде 4 градус салқын. 

Хабарламаларға жазылу