Елде 10 мыңнан астам адам өзін құмар ойындарынан шектеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде 10 мыңнан астам адам өзін құмар ойындарынан шектеген

03.04.2024

10 мыңнан астам адам өзін құмар ойынынан және бәс тігуге қатысудан шектеді. Оның 7 мыңнан астамы өтінішті онлайн форматта «eGov mobile» мобильдік қосымшасы арқылы берген. Бұл туралы Туризм жәнек спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы, қағаз нұсқадағы жазбаша өтінішке қарағанда онлайн өтініштерді өңдеу мерзімі едәуір қысқа. Бұл барлық азаматқа, ең алдымен құмар ойындармен шектен тыс әуестенетін адамдарға барлық лицензияланған ойын мекемесі мен букмекерлік кеңсенің заңды сайттарына кіруге лезде тосқауыл қоюға мүмкіндік береді. Ниет берушілер өтінішті электроны цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, өзі беруі тиіс. Өтінішті үшінші тұлға бере алмайды. Сондай-ақ, өзін-өзі шектеу туралы жазбаша өтінішті ойын бизнесін ұйымдастырушылар арқылы беруге де болады.


Хабарламаларға жазылу