Президент тапсырламаларын орындауға арналған жоспар қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент тапсырламаларын орындауға арналған жоспар қабылданды

03.04.2024

Президент тапсырламаларын орындауға арналған жоспар қабылданды. Оның ішінде заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары бар. Бұл туралы мемлекеттік Кеңесші Ерлан Қарин телеграм әлеуметтік желісінде жариялады.

Жазбада: «Президент Әкімшілігі Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысынан кейін Үкіметпен бірлесіп, Мемлекет басшысының бастамаларын тиімді жүзеге асыру жолдарын пысықтады. Соның нәтижесінде бүгін Президент тапсырламаларын орындауға арналған жоспар қабылданды. Құжаттың көлемі ауқымды, 40 тармақтан тұрады. Онда түрлі іс-шаралар көзделген. Жоспарға сәйкес 10 заң әзірленіп қабылданады. Сондай-ақ заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары және басқа да бағдарламалық құжаттар қабылданбақ» - делінген.


Хабарламаларға жазылу