Оралда Шаған мен Деркөл өзендері арнасынан асып, саяжайларға су жайылды. Самал шағын ауданының тұрғындарына су басу қаупі төніп, түнімен эвакуацияланды. Өңірдегі тілшіміз Ардақ Мұратқызы қазір бізбен тікелей байланысқа шығуға әзір тұр.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Өзен жайылымындағы елді мекендер мен саяжайларға қауіп күшейді. Самал шағын ауданындағы тұрғын жайларда 1000-ға жуық адам тұрып жатыр. Кеше кештен бастап, таңға дейін олар қауіпсіз жерлерге, эвакуациялық пункттерге көшірілді. Қазір қаладағы 4 эвакуациялық орталық толып, онда 321 адам орналастырылған.
Дауылды ескертулерге құлақ аспай, эвакуациядан бас тартып жатқан адамдар да бар. Ал тұрғындардың жартысынан көбі алдын ала қамданып, туыстарына кеткен. Шағын ауданда жарық бар, электр желісі ажыратылған жоқ. Эвакуациялауға төтенше жағдай департаментінің жеке құрамы, апаттар медицинасы орталығы, әскери бөлім, Ұлттық ұлан сарбаздары қатысып, аумақтық қорғаныс қызметінің арнайы техникаларымен үй-үйді аралады. Ал Теректі ауданы Ұзынкөл ауылындағы су қоймасы қарғын сумен толып, бөгеттің жарылу қаупі төнді. Сол себепті кешеден бері Ұзынкөл ауылынан 705 адам эвакуацияланды. Олардың 230-ы - бала. Көбі қаладағы туған-туыстарының үйлеріне жеткізілді. Тек 15 адам Подстепное ауылындағы мектеп пен қалалық нөмірі 15 мектептегі интернаттарға орналастырылды. Дархан...