Апаттан үйі мен мал-мүлкінен айырылған тұрғындар 30 күн ішінде өтініш бере алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Апаттан үйі мен мал-мүлкінен айырылған тұрғындар 30 күн ішінде өтініш бере алады

02.04.2024

Үкімет өкілдері су тасқыны келтірген залалды өтеу үшін, қаражат жергілікті атқарушы органдар резервінен қарастырылатынын жеткізді. Ал оның мөлшерін өнеркәсіп және құрылыс пен Төтенше жағдайлар минитсрлігі анықтайды. Тек қажеттілік туындаған кезде ғана Үкімет қосымша қаржы қарастырады.

Ал су тасқыны кезінде үйі мен мал-мүлкінен айырылған тұрғындар, Жергілік атқару органдарға 30 күн ішінде өтініш бере алады. Сосын 10 күн келтірілген залал көлемі, арнайы мамандармен анықталады. Ал апатты, жарамсыз үйлердің тізімін әкімдік жасайды

Азаматтарға келтірілген шығынды өтеу

1. Жергілікті атқарушы органдар резервінен қарастырылады

2. Әкімдіктер, Өнеркәсіп және құрылыс, ТЖМ анықтайды

3. Үкімет резервінен қосымша қаржы қарастырылады

Іс-әрекет алгоритімі

30 күн ішінде өтініш бере алады

10 күнде келтірілген залалды бағалайды

Апатты үйлер тізімін әкімдік жасайды

Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу