Батыс Қазақстанда өзендер тасып, қалаға қауіп төніп тұр
Батыс Қазақстан облысында өзендер ернеуінен асып, Орал қаласын су басу қаупі төніп тұр. Облыста төтенше жағдай жарияланып, күш құрылымдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Ардақ Мұратқызы, тілші
Трансшекаралық өзендерге су қарқынды келіп жатыр. Қазір біз арнасы қауіпті деңгейге жеткен Шаған өзенінің тұсында тұрмыз. "Самал" шағынауданындағы аспалы көпірге мұз тіреліп тұр. Дәл қазір мамандар мұзды кесіп, арнайы техника көпірді көтеріп не шешкелі жатыр. Өйткені сең көпірді бұзып жіберуі мүмкін. Егер бұл өзен тасыса, қала мен Бәйтерек ауданын су басу қаупі бар. Соңғы мәлімет бойынша, гидробекеттегі су деңгейі 1260 см, қауіпті деңгейге 20 см қалды. Жайықтағы су деңгейі де сағат сайын артып, 6 метрге жуықтады. Деркөл өзені де жайылып, саяжайдағы тұрғынжайларды су басты. Тұрғындар эвакуациялық орталыққа орналастыпылдыы. Қазір Орал спорт клубы залында 190 адам тұрып жатыр. Олардың 72-сі бала. Тұрғындар ыстық тамақ, төсек орын, тұрмысқа қажет заттармен мен қамтылған. Қазір менің қасымда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Нұралы Мүсиев тұр. Нұралы Қажымұқанұлы облыс бойынша ахуалды айтсаңыз? Қауіп қайдан?
Нұралы Мүсиев, Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы:
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Жалпы облыс бойынша 4525 адам эвакуацияланды. Олардың 1800-ге жуығы бала. Қазір эвакорталықтарда 1000-ға жуық адам тұрып жатыр. Барлығы 515 тұрғын үй су астында қалды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогы басталады
14.09.2026, 20:28
Елена Рыбакина – Әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 20:28
Атырауда садақ атудан Әлем кубогы өтіп жатыр
14.09.2026, 20:25
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 20:23
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді
14.09.2026, 20:18
ШҚО-да Құс фабрикасы өз қаражатына саябақ салып берді
14.09.2026, 20:18
Қазақстан экономикасы бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енді
14.09.2026, 20:10
Медицина бірыңғай цифрлық кеңістікке көшеді
14.09.2026, 20:09