Ташкентте адамдар көп жиналатын орындарда сақтық шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ташкентте адамдар көп жиналатын орындарда сақтық шаралары күшейтілді

02.04.2024

Ташкентте адамдар көп жиналатын орындарда сақтық шаралары күшейтілді. Құқық қорғаушылар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін осындай бастаманы қолға алды. Қаладағы сауда кешендері, ойын-сауық орындары мен базарлар қатаң бақылауға алынды.

Сондай ақ, мешіттер мен өзге де халық көп баратын орындар назардан тыс қалмайды. Келушілердің сөмкесі мен жеке заттары мұқият қаралып, қызметтік иттердің көмегімен тексеріс жүргізілуде. Ташкент қалалық ішкі істер басқармасының арнайы бөлімдері күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Бақылау жұмыстарына Ұлттық гвардияның сарбаздары да жұмылдырылды.

Рамазан айына байланысты қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық гвардия мен басқа да құқық қорғау қызметкерлері күзет жүргізуде. Сақтық, әсіресе, барлық мешіттерде, бұқаралық іс-шаралар өтетін орындар мен ірі сауда кешендерінде, кинотеатрларда, саябақтар мен даңғылдарда күшейтілген.


Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу