Қарғын су солтүстік аудандарды әбігерге салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарғын су солтүстік аудандарды әбігерге салды

02.04.2024

Қарғын су енді Павлодар өңірінің солтүстік аудандарын әбігерге салып жатыр. Железинка ауданы Веселая роща ауылында екі үйге су кірді. Тағы 8 үйдің айналасына үлкен су жиылып тұр. Жергілікті тұрғындар кешеден бері асфальт жолды шағып, суды басқа жаққа бұруға әрекеттенген. Ауылдың айналасында ерімеген қар әлі көп. Секем сейілген жоқ. Арнайы техника бүгін ғана жетті, дейді ауыл адамдары.

Аманжол Хамит, Веселая Роща ауылының тұрғыны:

Бізде бесінші күн. Веселая роща ауылын су басып отыр. Осыны Қазақстан телеарнасына көптен-көп рахмет, соларға хабар бергеннен кейін міне үлкен техника келіп жатыр. 
Ал еріген қар суы алдымен ылаң салған Ақтоғай ауданы, Жалаулы ауылында 14 үйге су кірді. Кешеден бері бұндай әскерилер көмекке барды. Қолдан бөгет тұрғызып, үлкен судың бетін басқа жаққа бұрды. Жағдай тұрақталған соң , ауыл тұрғындарысарбаздарға қой сойып, ас суын әзірлеп жатыр.

Асқар Баешов, Жалаулы ауылының тұрғыны:

Осы әбігер басталғалы 5-ші күн.ауылымызға су толып үйлерге кіріп кетті. Қазір олар туыстарының үйін паналап отыр. Осындай қиын-қыстау кезде үкімет көмегін көріп отырмыз. Ауыр техникаларды жіберді міне. 5512 әскери бөлім сарбаздарын жіберіп көмекке бізге, елге. 

Хабарламаларға жазылу