1 мамырдан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Бірінші мамырдан бастап елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады . Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты. Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға «Отбасы банкімен» бірлесіп 300 миллиард теңге бөлінбек. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мөлшерлеме 7 пайыздан аспайды.
Бағдарламаның барлық шарттары 1 мамырда жарияланбақ. Жоспар бойынша бірінші кезекте 12 мың мұқтаж отбасы баспанамен қамтылады.
Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
Менің ойымша, министрлік қызметкерлері мен «Отбасы банк» өкілдері бірлесіп қазақстандықтарға бағдарламаның шаттары туралы толық ақпарат беретін баспасөз-мәслихатын өткізеді. "Отбасы банк" бұрыннан бері жұмыс істейді әрі оның жұмысты дұрыс үйлестіруге құзыреті жетеді. Сондықтан, жаңа бағдарламада жеңілдетілген несиеге автокөлік алу бағдарламасы сияқты мәселе туындамайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02