Шымкентте аудан әкімінің орынбасары 11 жылға сотталды
Шымкент қаласында аудан әкімінің бұрынғы орынбасары пара алғаны үшін 11 жылға сотталды. Ол лауазымды қызметін пайдаланып, абаттандыру жұмыстарын атқарған мердігер мекемеге қамқорлық танытқаны үшін 60 миллион теңге сыйақы алған. Сондай-ақ қабірстанды күтіп ұстауға бөлінген 28 миллион теңге қазына қаржысын жымқырған. Аудан әкімінің орынбасары бұл істі үш адам болып жүзеге асырған. Оның ішінде Еңбекші ауданы әкімдігінің бас маманы мен мердігер мекеменің өкілі бар. Қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соты экс орынбасардың сыбайластырының бірін 10 жылға, екіншісін 3 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталғандардың барлығы енді мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12