Қостанай облысының оңтүсітік өңірінде жағдай әлі күрделі. Облыс бойынша 18 бағытта жолдарды су басқан. Ал ең шалғайдағы Жангелдин ауданын өзге өңірлермен байланыстыратын жалғыз жол кеше жабылды. Қазір Қостанай облысындағы меншікті тілшіміз Дәуренбек Әбдібек тікелей байланыста. Д
Ауданда барлығы қанша елді-мекенге су кірген?
Қостанай облысының оңтүсітік өңірінде жағдай әлі күрделі. Облыс бойынша 18 бағытта жолдарды су басқан. Ал ең шалғайдағы Жангелдин ауданын өзге өңірлермен байланыстыратын жалғыз жол кеше жабылды. Қазір Қостанай облысындағы меншікті тілшіміз Дәуренбек Әбдібек тікелей байланыста. Дәуренбек, жолдарды су шайған өңірлермен қатынас қалай жүзеге асып жатыр?
Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Облыстың оңтүстігінде жағдай оңалмай тұр. Жангелдин ауданында 8 ауылмен жер үсті қатынасы үзілген. Жолдардың басым бөлігі су астында жатыр. Тіпті ауданға баратын жалғыз жол – Арқалық -Торғай бағытын да кеше Жаркөл ауылының тұсынан үш жерден су басып кетті. Қозғалыс тоқтатылды. Бірақ жол талғамайтын көліктер мен арнайы техника өтеді.
Ауданда барлығы қанша елді-мекенге су кірген?
Арқалық Торғай тас жолының бойындағы Жаркөл мен Тәуішке су кіргеніне үшінші күн. Үйлердің алды құлап жатыр. Жерігілікті тұрғындар мен көмекке барған әскерилер тасқынға тосқауыл қоюға тырсып бағуда. Көлқамыс ауылын толық су басты. Куәгерлердің айтуынша ол жақта мал шығыны өте көп, бірақ нақты саны белгісіз. Аккөл және Ахмет Байтұрсынұлы ауылдарында әлі жарық жоқ. Құлаған бағандар суда тұрғандықтан оған ешқандай техника бара алмайды. Осы екі ауылға сыртта жүрген тұрғындарын апарып, әрі азық түлік жеткізу үшін бүгін тікұшақ ұшып барады. Салыстырмалы түрде Амангелді ауданы мен Арқалық қаласында жағдай тұрақталып келеді. Судың деңгейі төмендей бастаған. Әзірге осы