Ақмола облысының Алексеевка ауылына қарғын су кірді
Ақмола облысының Алексеевка ауылына қарғын су кірді. Аудан әкімдігінің мәліметінше, бұған Шағалалы қоймасынан су жіберілігені себеп болған. Сондай-ақ, осыдан бірнеше күн бұрын Зеренді ауданына қарасты бірнеше ауылға барар жолды қарғын су шайып кеткен еді. Дәл қазір бізбен осы өңірдегі тілшіміз Ұмсындық Наурызбаева тікелей байланысқа шығып тұр. Ұмсындық, қазір ауылдардағы жағдай қалай? Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді ме?
Ұмсындық Наурызбаева, тілші:
Ауылға кірген қарғын су бірнеше үйдің ауласына жайылып үлгерді. Үйлері әзірге аман. Ауыл тұрғындары эвакуацияланған жоқ. Құтқарушылар қауіпті аймақтарда тұрған баспаналардың жанына 1500-ге жуық құм салынған қап қойып,бөгеттер жасады. Оған қоса, 50 тоннаға жуық инерттік материалдар да дайындалған. Бұл жұмыстарға 50-ден астам адам мен арнайы техникалар жұмылдырылды. Арнайы штаб жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр. Сондай-ақ, осыдан бірнеше күн бұрын Зеренді ауданына қарасты Ақадыр, Жаманшы ауылдарына баратын жолды қарғын су шайып, қатынас тоқтаған еді. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, қазір жағдай тұрақталған. Бірер күннен кейін жолға құм себу жұмыстары басталмақ. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13